Skip to content

ЕЛІМІЗДЕ ҚЫТАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАҢА ФИЛИАЛЫ АШЫЛАДЫ

      Бейжің тіл және мәдениет университетінде Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы елшілігінің қатысуымен “Астана” халықаралық университетінің жанында Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалын ашу туралы келісімге қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Sanur.kz.

Бұл туралы Сыртқы істер ведомствосы мәлімдеді.

Қытай университетінің филиалы Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытуға қажет қытай тілі мен мәдениеті саласындағы мамандарды даярлайтын болады.

Филиал негізінде қытай тілін үйренетін студенттердің білімін тестілеу және бағалау бойынша “HSK Орталығы” (қытай тілін үйрену және тестілеу орталығы) жұмыс істейді. Сонымен қатар, студенттер қос дипломдық бағдарлама бойынша оқуға мүмкіндік алады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *