Skip to content

ЖАС МАМАНДАРҒА ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ ТӘСІЛДЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

      Жетісай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Мырзабек Абишев бүгін ауданының жас мамандарымен, соның ішінде мемлекеттік әкімшілік қызмет, денсаулық сақтау, білім, мәдениет салаларының мамандарымен, белсенді жастарымен кездесу өткізді. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
Өңірлік кадр резервіне іріктеу тәртібі мен кезеңдерін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған кездесуде Мырзабек Әбдіхалықұлы іріктеу бойынша құжаттар қабылдаудың 1 – 31 наурыз аралығында (қоса алғанда) (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформада кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылатынын түсіндіріп, жастарды белсенділік танытып іріктеуге қатысуға шақырды. Сондай-ақ, іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі туралы ақпарат пен өзге де мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформасынан, Жетісай ауданы әкімдігінің әлеуметтік парақшаларынан ала алатынын жеткізіп, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті дайындаған арнайы слайдтар мен видеороликтер көрсетілді. Қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *