Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қалалар мен аудандардың әкімдерімен су тасқыны жағдайы бойынша жиналыс өткізді, деп хабарлайды Sanur.kz.
Бұған дейін осы мәселені талқылау барысында мен барлық әкімдерге қарды уақтылы шығару және тұрғын үйлерді су басуға жол бермеу үшін жеке бастарымен жауапты екендерін ескерткен болатынмын. Су тасқыны жағдайына ерекше назар аударылғанына қарамастан, бірқатар әкімдер бұл тапсырманы орындамаған және су тасқынына қарсы қажетті іс-шараларды тиісті деңгейде жүргізбеген, — деді ол.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 14 қауіпті учаске бақылауға алынып, онда 133 адам, 51 арнайы техника, 35 мотопомпа жұмылдырылды.
Павлодар мен Тереңкөл аудандарының, сондай-ақ, Ақсу қаласы әкімдерінің жұмысын қанағаттанарлықсыз деп санаймын. Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізудегі бақылаудың әлсіздігі үшін оларға қатаң сөгіс жарияланды. Менің тапсырмам бойынша барлық су тасқынына қарсы іс-шаралар ағымдағы жағдай туралы сағат сайын берілетін есеппен тәуліктік режимге ауыстырылды және менің жеке бақылауымда, — деді қала басшысы.