Skip to content

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – БАЛАБАҚШАДА

   

        Жетісай қаласында орналасқан «Білім патшалығы» бөбекжай балабақшасында облыстық семинар өтті. Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды ұлттық тәрбие құндылықтарымен дамытушы орталықтарда тәрбиелеу негіздері» тақырыбында  өткізілген шара жайлы Sanur.kz тілшісі хабарлайды.

        2015 жылы кірпіші қаланған Білім патшалығы бөбекжай балабақшасы ертеңгі елдің тұтқасын ұстар  балдырғандарды тәрбиенің қайнар бұлағымен сусындарын қандырып, қазақы дәстүр мен заманауи білімді қатар ұштастырып отырған тал бесіктің бірі десек артық емес. Себебі семинарға бас сұққаннан-ақ  ұлттық дәстүр құндылықтар бірден көзге түседі.

 ЗАБИРА СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ 

– Жас жеткіншектердің бойына ұлттық құндылықтарды дәріптеу тәлім-тәрбиені, дағдыларды қалыптастыруда ол балабақшаның кіреберісінен басталып отыр. Өзіміздің ұлттық нақыштағы ою-өрнектер, ұлттық бұрыштар мына балаларға арналған дамытушы орталықтағы түрлі ұлттық бұйымдардың өзі баланың бойына, санасына, тәлім-тәрбиесіне үлкен әсері бар.

       Өнерлі бала сүйкімді демекші, шараның шымылдығы  кішкентай бүлдіршіндердің  әсем әнімен, мың құбылған биімен түріліп, одан сайын көріктендіріп жіберді. Үстеріне жарасқан ұлттық киімдері  көздің жауын алып, тамсандырады.  Семинардың ашылу салтанаты тәрбиешілердің ашық сабақтарына ұласты. Ауданның әр түкпірінен жиналған педагогтар әріптестерінің сабақтарына  бас сұғып, тәжірибе арттырды. Сан түрлі әдіс тәсілдеріне қанық болды.

ТАМАРА ЮНУСОВА «БАТЫРЖАН» ББ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ

– 6 топтың бәріне кіріп көрдік. Әрқайсысы өзінің сапасымен, өзінің білімімен бәрі өздерін көрсетіп тұр. Топтардың әрқайсысы ыңғайластырылған. Әр топта өзіне сай бағдарламалардың бәрін жеткізе білген. Өнерді, ескішіліктергі қазақи салт-дәстүрлердің бәрін өте тамаша алып өтті.

 АЙГҮЛ ЖҰМАБЕКОВА ШАРДАРА АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ

   – Облыстық деңгейде, аудандық деңгейде көптеген осылай семинарлар өтіп тұрады. Мұның пайдасы өте зор. Педагогтар келіп өздерінің балабақшаларында жасалмаған дүниені осында келіп қоржындарына салып алып кетіп, өздерінің балабақшаларында көрсетіп, облыстық деңгейде өтілген семинарлардың көрсетілген дүниелерді алып, аудандық семинарларда өтіп жатады.

     150 балаға арналып, заман талабына сай жабдықталған бөбекжайдың материалдық – техникалық базасы өте бай , бала жанына керектінің бәрі бар. Мұнтаздай таза әрі жарық. Ойын бөлмелері мен алаңшалары да балдырғандардың еш алаңсыз ойнап, балалықтың бал дәмін сезінуге  мүмкіндік береді. Әдістемелік, көрнекілік құралдары жеткілікті.  40 қа жуық жаңашыл тәлімгерлер, өз ісіне жаупкершілігі мығым қызметкері бар берекелі ұжым өзара ынтымақшыл.

МАРЖАН БАХТИЯРҚЫЗЫ «БІЛІМ ПАТШАЛЫҒЫ» ББ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ

– Мысалы, балалардың арасында дем жетіспеушілік, бронхы жас балалардың арасында бар. Соған бізде тұзды бөлмеміз бар. Балалардың барлық жағдайы жасалған бізде. Әрқайсысы өзінің стандарты бойынша 50/50 метр квадрат. Балалардың ойын бөлмесі, жатын бөлмесі әжетханасы барлығы стандартта жасалған.Мұның ауласы 20 сотық жай. Соның ішінде ойын алаңының өзі 10 сотықтай.

 

     Ата-бабамыздың ғасырлар бойы жинақтаған мәдени және рухани құндылықтарын ұрпағының бойына сіңіру, қоршаған ортаны сақтау, өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру тәрбиеге байланысты. “Білім патшалығы”  балабақшасының білікті мамандары бүлдіршіндерге сол тәрбиені толыққанды беріп отыр деп нық сеніммен айта аламыз.

Дайындаған:Клара Шербайқызы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *