Жуырда еліміздің барлық өңірлерінде «Халық заңгері» акциясы өткізілді. Республикалық акция Мақтаарал ауданында да кең ауқымда ұйымдастырылып, аудан азаматтарына заң туралы тегін кеңес беріліп, мемлекеттік органдарға тікелей жүгінді, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.
Мырзакент кентіндегі «Жастар Ресурстық Орталығының мәжіліс залында өткен жалпы халықтың республикалық акция шеңберінде аудан тұрғындары Мемлекеттік органдар, ауданның үздік заңгерлері мен адвокаттарының қабылдауында болып, тегін құқықтық кеңес алды.
МҰРАТ КҮНТУҰЛЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ ЗАҢ БӨЛІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ
—Тұрғындар қазір келіп тіркеліп, туындаған мәселелерін айтып осы бастан кірісіп жатыр. Айтылған ұсыныстар тікелей осы көмек негізінде ала алады. Егерде қосымша тексеру талап етілетін болса, тиісті орынға келіп нақты шешім табады деп ойлаймын.
ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізілген акцияда белгілі адвокаттар, заңгерлер, нотариустар, судьялар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, әділет қызметкерлері, мемлекеттік органдардың басшылары, салық органдарының, жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасының және басқа да қызметкерлер бар.
МҰРАТ КҮНТУҰЛЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ ЗАҢ БӨЛІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ
—Негізгі акцияның мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Әлеуметтік шиеленістің алдын алу. Барлық туындаған мәселелер шешім табады деп ойлаймын.
2016-2023 жылдар аралығында акцияға 8000-нан астам үздік сарапшылар мен шешім қабылдайтын мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 165 000-нан астам адам кеңес алды.
Дайындаған: Аллаберген Құлша