Skip to content

ЕКІ АДАМ ТҮРМЕДЕН ҚАШҚАН

                         Ақтөбедегі изоляторда кезекшілік уақытында ұйықтап қалған үш қызметкер сотталды,  деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі  stankznews телеграм каналына сілтеп

    Ақтөбеде немқұрайлық, қызметке адал емес немесе немқұрайлы қарау салдарынан өз міндеттерін орындамау бойынша айыпталған үш адамның қылмыстық ісі қаралды. 11 қарашада Ақтөбе қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторында кезекші, пост күзетшісі және шығарушы болған. Олар 01:34 – 05:58 аралығында кезекшілік орнында ұйықтап қалған.

“Кезекші сақшылардың ұйықтап жатқанын байқаған тұтқын “Е” және “Қ” сағат 03:36-да камера есігін ашып, уақытша ұстау изоляторынан шығып кеткен. Содан соң алдыңғы есіктің магнит құлпының сымдарын үзіп, сыртқа қашқан”, – деп мәлімдеді сот.

Олар жұмыс уақытында ұйықтап қалып, қылмыстың орын алуына жол бергені үшін сотқа тартылды. Күзетші мен шығарушы кінәсін мойындады, ал кезекші мойындаған жоқ.

Сот үкімімен үш айыпталушы 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *