Skip to content

ЖОҚ МОНШАЛАРДЫ САТҚАН АЛАЯҚ ҰСТАЛДЫ

                                                 Жоқ моншаларды сатқан: Қостанай облысында киберполиция алаяқты құрықтады. Қостанай облысында киберполиция жоқ моншаларды сатқан алаяқты құрықтады, – деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі Polisia.kz. ке сілтеп. 

24 жастағы Лисаков тұрғыны өзін монша мен ағаштан жасалған басқа да бұйымдар жасаушы ретінде жарнамалап, ОЛХ және WhatsApp арқылы хабарландырулар қойған. Ол адамдардың сенімін асыра пайдаланып, клиенттермен кездесулер ұйымдастырған. Бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін. Қаскүнемнің қылмыстық схемасы туралы Қостанай облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Олжас Магыпаров айтып берді.

   Сонымен қатар моншалар мен ағаш паллеттер жасауға келісімшарттар жасаған. Қылмыстық жолмен ол  15 миллион теңге пайда тапқан. Қаскүнемнен  негізінен жеке үйлердің иелері, Қостанай облысы аудандарының тұрғындары зардап шегіп келген. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде  күдікті облыс орталығында кезекті заңсыз тапсырысқа барар жолда ұсталды. Қазіргі уақытта 27 факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге оның ұқсас қылмыстарды жасауға қатысы бар-жоғы тексеріледі.  Полицейлер алаяқтықтың құрбаны болмас үшін тұрғындарды алдын ала ақша төлемеуге, дүкендердің шынайылығын тексеруге және электрондық әмиян арқылы алдын ала төлем жасамауға шақырады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *