Skip to content

АДАЛ АЗАМАТ – МЕМЛЕКЕТ ТІРЕГІ

Түркістан облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың  2024 жылға арналған медиа-жоспарына сай Мақтаарал ауданына  адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың уәкілі Қожабекова Наталья арнайы келіп, дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

Ұрпақ тәрбиесі қашанда өзекті. Өйткені бүгінгі жас буын – ертеңгі ел тірегі. Мұны әрдайым назарда ұстайтын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында балалар мен жастарды тәрбиелеп, олардың бойына озық құндылықтарды сіңіруге айрықша көңіл бөлінуі керек екенін баса айтты. Осы орайда бүгінгі дөңгелек үстел  «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында өрбіді.

НАТАЛЬЯ ҚОЖАБЕКОВА ҚР АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨКІЛІ

 — Кеңес одағы кезінде баланы қалай тәрбиелейтін? Адалдыққа, еңбекқорлыққа елінің патриоты болуға елінсүйгіштікке, отансүйгіштікке. Қазір осы идиология өте бір шетте қалып бара жатыр. әсіресе жастар жағынан. Барлықтарыңызға топырақ шашпай-ақ қояйын. Бірақ сондай жастарымыз бар. Ақыл тыңдайтын, үлкеннің кеңесін тыңдайтын жастар жоқтың қасы. Олардың ақылшысы да, кеңесшісі де әлеуметтік желі болып бара жатыр.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – қатысушыларды ҚР Президентінің «Адал азамат» концепциясы, «ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл» туралы Заңы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Кездесуде жиынға қатысушылар тарапынан адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын  бұзушылықтардың профилактикасына және қалпына келтіруге бағытталған шараларға, заңға қатысты ұсынымдар мен ұсыныстар берді.

Дайындаған: Клара Шербайқызы

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *