Мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті басып алуға тырысқаны үшін сотталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов кешірім жасау туралы өтініш білдірген, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі ҰҚК — не сілтеп.
ҰҚК мәліметінше, Мәсімов рақымшылық туралы өтінішін 2024 жылдың наурызында жолдаған.
Қазіргі таңда Кәрім Мәсімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында отыр.
Сонымен қатар ҰҚК өкілдері Мәсімовке қатысты «Қылмыстық жолмен алынған қаржылай және өзге мүлікті заңдастыру» бабымен тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеді.