Skip to content

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 1,5, ЖЫЛ ІШІНДЕ 100 % АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛУ КЕРЕК

                                                                           Бір жарым жыл ішінде біз халықты 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етуге тиіспіз . Бүгін өткен Үкімет отырысында Олжас Бектенов тиісті ведомствоға осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі Үкіметке сілтеп.

Үкімет басшысы сапалы ауыз суға қол жеткізуді қамтамасыз ету аса маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі деп атады. Бұл ретте оны орындау үшін небәрі 1,5 жыл қалды.
 

 

«2025 жылдың соңына қарай біз халықты 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл – аса маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі. Уақыт тығыз, небәрі 1,5 жыл қалды. Әкімдіктер сумен жабдықтау көрсеткіштерінің жоғары деңгейіне қарамастан, ауылдар мен қалаларда тиісті инфрақұрылымды тарту жұмыстарын күшейтуге тиіс. Сумен қамтамасыз ету жұмыстары басым тәртіппен қаржыландырылуы тиіс. Елді мекендердің ішінде су желілерін жүргізу жұмыстарын топтық су құбырларының инфрақұрылымын ауылдардың шекараларына дейін тарту жоспарларымен үйлестіру керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *