Skip to content

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

                                                                                    Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жоспары негізінде  Мақтаарал ауданы  тұрғындары арасында «Ашық есік күні» акциясы» ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі хабарлайды.  Аталған акция мемлекеттік органдарда саңғы 9 — дан кешкі 7 — ге дейін жүргізілді.

Азаматтарды жеке мәселелері бойынша кедергісіз қабылдауды көздейтін акция  Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында, дербес бөлімдерінде, кенттер мен  ауылдық  округ  әкімі  аппараттарында ұйымдыстырылды.  

НҰРЖАН ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ

-Акция аясында аудан әкімдігіне бағынысты барлық мекеме басшылары бір жұмыс күндерін келушілерді қабылдап, олардың мәселелерін шешуге арнайды. Бұл акция азаматтардың және мемлекеттік мекемелердің мәселелерін шешу үшін тығыз қарым-қатынас жасау және тұрғындардың жергілікті атқарушы органдарға деген сенім деңгейін арттырып қана қоймай мемдекеттік мекемелердің қызметін ашықтығын қамтамасыз етеді деп санаймын.

Акция барысында кез — келген азамат аудан әкімдігіне бағынысты мемлекеттік мекемелерге барып, мекеме басшыларының жеке қабылдауында болып, сұрақтарын қойып, сұрақтарына жан-жақты жауаптар алды. Мысалы, аудан әкімінің м.у.а Бейсенбай Тасболатұлының қабылдауына кірген азамат «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға берілетін жеңілдетілген несиені алу туралы сұраған болса, Мырзакент кентінің тұрғыны Сапархан Даяна Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұржан Жақсылықұлының қабылдауында болып, жұмыспен қамту мәселесінде өз сұрақтарын қойды.

ДАЯНА САПАРХАН АУДАН ТҰРҒЫНЫ

-Ашық есік күні акциясын пайдалана отырып жеке мәселемді шешу үшін аудан әкімі аппарат басшысы Нұржан Атакулов мырзаның қабылдауында болып, мәселелерімді айттым. Аппарат басшысы өз құзіреті шегінде мәселені шешуге көмектесетіні туралы айтты

Аталған акция жоспар бойынша жылына кемінде 1 рет ұйымдастырылады. Акцияның мақсаты-тұрғындардың мемлекеттік мекемелерге деген сенімін нығайту, мекеме басшыларының тұрғындарды әрқашан  тыңдауға дайын екендігін көрсету, мемлекеттік мекемелердің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

Дайындаған: Клара Шербайқызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *