Skip to content

КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛДІ

                                                                                                        Алдымен, Ақорда  резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі Ақордаға сілтеп 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль шағын құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің шақыруын қабыл алып, елімізге сапармен келгені үшін кореялық әріптесіне алғыс айтты. Сондай-ақ мұны екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға деген шынайы ниеттің айқын көрінісі деп бағалайтынын жеткізді.

– Бүгінгі сапардың қос тарап үшін де мән-маңызы зор. Корея Республикасы – біз үшін сенімді серіктес әрі стратегиялық әріптес. Екі елдің достық дәстүрге негізделген қарым-қатынасы тереңнен тамыр тартады. Біз барлық деңгейде тығыз байланыс орнаттық. Күн тәртібіндегі мәселелер іскерлік рухта және сындарлы негізде шешімін тауып келеді. Қазіргі таңда екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 6 миллиард долларға жетті. Бұл – ортақ күш-жігердің жемісі. Ауқымды экономикалық жобаларды іске асырдық. Инвестициялық ықпалдастық жылдан-жылға нығайып келеді. Қазір Қазақстанда Оңтүстік Кореяның капиталы бар 700-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз қарқынды дамып жатыр. Қазақстандағы корей диаспорасы бұл үдерісте маңызды рөл атқарады. Оны екі халықтың арасын жалғап отырған алтын көпір деуге болады. Біз осы жетістіктерді еселеп, қазақ-корей ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеруге мүдделіміз. Бұл сапар екі елдің ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *