Skip to content

А.ҒИНИЯТ ИРАННЫҢ ҚР-ДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

        Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Иран Ислам Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукар мырзамен кездесті. Тараптар әңгімелесу барысында денсаулық сақтауды дамыту саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың түрлі аспектілерін талқылады. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомство басшысы Иран денсаулық сақтау жүйесінің табыстылығын атап өтті. Ол елшіге қазіргі уақытта Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша ауыл медицинасын дамыту бойынша ауқымды шаралар қабылданып, ұлттық жоба іске асырылып жатқанын хабарлады.

«Біз сіздің еліңіздің жаңа технологияларды енгізу, ауылдық жерлерде ғана емес, жалпы медицина саласында да мамандандырылған медициналық көмекті дамыту бойынша тәжірибесін зерттегіміз келеді», – деді А.Ғиният кездесу барысында.

Ол сондай-ақ біздің мемлекетіміз клиникалар мен фармацевтикалық кәсіпорындардың құрылысы саласына инвесторларды тарту үшін барлық жағдай жасауға дайын екенін атап өтіп, Иран тарапының біздің медицина университеттерінің базасында ғылыми-зерттеу бағыттарын дамыту жөніндегі ұсыныстарына қызығушылығын атап өтті.

Иран дипломаты екі елдің білім беру саласындағы ынтымақтастығы, студенттер алмасу перспективаларына ерекше тоқталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *