Skip to content

АДВОКАТ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫДЫЛЫҚТЫ НАСИХАТТАЙТЫН БАҒДАРЛАМАЛАРҒА ТЫЙЫМ САЛУДЫ СҰРАДЫ

       Зорлық-зомбылықты насихаттайтын бағдарламаларға тыйым салу ұсынылды. Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтай отырысында адвокат Айман Омарова осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

Ол масс-медиада зорлық-зомбылықты насихаттайтын бағдарламаларға қатысты ұсынысын айтты.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы көптеген резонансты істе БАҚ өкілдері бізден бұрын қимылдайтыны белгілі. Ал ол ақпараттар көп жағдайда жәбірленушілердің психологиялық күйзелуіне алып келеді, тіпті кейбіреулері ар-намысты алға тартып, өз-өзіне қол жұмсауға да барады, — деді Айман Омарова.

Адвокат осыған байланысты зорлық-зомбылықты насихаттайтын бағдарламаларға тыйым салып, ондай өрескел дүниелерді көрсетпеуді сұрады.

Керісінше, біз халықтың пайдасына қабылданатын заңдарды насихаттап, көрермендердің құқықтық сауатын арттыруымыз керек. Сол үшін осыған қатысты ақпараттарды көбейту қажет, — деді ол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *