Skip to content

АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ: 2 МЫҢ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Энергетика министрі Қазақстанда АЭС салу сатысында 8 мыңға жуық жұмыс орны құрылатынын, пайдалану кезінде 2 мың адам жұмыспен қамтылатынын хабарлады. Бұл ретте атом электр станциясындағы әрбір жұмыс орны аралас салаларда 10-ға дейін жұмыс орнын құрады, бұл еңбек нарығына және бүкіл өңірдің дамуына оң әсер етеді, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі Үкіметке сілтеп. 

«Қазақстанда АЭС салу біздің энергетикалық тәуелсіздігімізді нығайтады және 2060 жылға дейін қабылданған көміртекті бейтараптық стратегиясын іске асыру жолындағы негізгі қадам бола отырып, ел экономикасы үшін елеулі мультипликативті әсер әкеледі. Атом электр стансасын салудың орындылығы туралы референдум осы жобаны іске асыру жолындағы маңызды кезең болады. Бұл оқиға ел халқына өз пікірін білдіруге және энергетика саласын дамытудың келешектегі бағытын айқындауға мүмкіндік береді», — деп қорытындылады Алмасадам Сәтқалиев.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *