Skip to content

АҚПАНДА АВТОНЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРІП ҮЛГЕРГЕН 195 АДАМ КӨЛІГІН АЛДЫ, 569 ӨТІНІМ МАҚҰЛДАНДЫ

     «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жеңілдікпен автокредиттеу бағдарламасының аралық қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Sanur.kz.

     Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпанда autonesie.kz порталында 7,61 млрд теңге мөлшеріндегі револьверлік қаражатқа жеңілдікпен автокредит беретін бағдарламаға қатысушылар пулының алғашқы орындары бөлінді.

    Бағдарламаға қатысушы банктер пулға қатысушылардың 5,171 млрд теңгеге 569 өтінімін мақұлдады (олардың жалпы саны — 761 адам).

     Оның ішінде 195 қатысушыға 1,696 млрд теңгеге автомобиль берілді.

    Қарыздың орташа мөлшері — 8,7 млн теңге.

   Естеріңізге сала кетейік, өтінімнің қолданыс мерзімі – 60 күн. Осы мерзімде пул қатысушылары жеңілдетілген автокредитті рәсімдеуі тиіс.

   Мерзім аяқталғаннан кейін пайдаланылмаған қаражат бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың санын ұлғайту үшін келесі пулға бағытталады.

   Бағдарлама бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, азаматтар Call-орталықтың 8 (7172) 79 64 40 телефонына хабарласа алады.

Жеңілдікті автонесиелеу мәселелері бойынша жедел желі:+7 (7172) 796-440

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *