Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 448- 454 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Sanur.kz.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448– 452 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 449 – 454 теңге аралығында құбылып тұр.
30 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,1 теңгеге қымбаттап, 448, 27 теңге болған.
Ұлттық банктің 31 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 448, 05 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,82 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,7 – 5,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,77 — 5,87 теңгеден сатылуда.