Skip to content

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА 2870 АДАМ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШЕРІЛДІ

      Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайына қатысты мәліметті таратты, деп хабарлайды Sanur.kz.

Ведомство мәліметіне сәйкес бүгінгі таңда аула аумақтарынан еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде. 

Қазіргі уақытта 700 мың м3 жуық еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілді, 80 мыңнан астам дана қапшық төселді және 10 мың тоннадан астам инертті материалдар жеткізілді.  Су басқан 236 тұрғын үйден 2870 адам, оның ішінде 1279 бала эвакуацияланды. Эвакуацияланғандар уақытша эвакуациялау пункттеріне жеткізілді, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ 129 бас ірі қара қауіпсіз жерге айдалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *