Skip to content

АҚТӨБЕДЕ ПОЛИЦИЯ ҮШІНШІ КҮН ҚАТАРЫНАН ҚҰТҚАРУ ШАРАЛАРЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

        Елек өзені арнасынан асып Кірпішті көпірі бойындағы үйлерді су басты, деп хабарлайды Sanur.kz Polisia.kz сілтеме жасап.

Түні бойы жүргізілген эвакуация нәтижелі аяқталып, адамдар аман-есен құтқарылды.

Полиция, құтқарушылар, еріктілер және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен 1193 адам, оның ішінде 468 бала қауіпсіз жерге шығарылып, 35 мектепке орналастырылды.

Қауіптің ортасында қалған үй жануарлары да назардан тыс қалмады. Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін және азаматтардың мүлкін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *