Белгілі ақын, сазгер Құрманай Бақтиярқызы бақилық болды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі
Қаралы хабарды ақынның ұлы жеткізді.
Ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазба қалдырған. Ол көңіл айтып, анасына деген махаббатын жеткізіп жатқан халыққа алғысын айтты.
«Анашым раббысына қайтты. Дұғада болыңыздар. Артында дұға арнайтын ата-анасы, бауырлары, үлкені Ханшайым, Толғанай кенжесі Сұңқар! Немерелері Ақберен мен Арыстан. Жақсы көретін, дұға арнайтын қазақ елі бар! Анама деген махаббаттарыңызға рақмет», – деп жазды сазгердің ұлы.