Skip to content

АЛҒАШЫ ОТАНДЫҚ ТҰТ КӨШЕТТЕРІ ШЫҒАРЫЛДЫ

Түркістан облысы әкімі Дархан Амангелдіұлының тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында жібек кластерін дамыту мақсатында ағымдағы жылы облыс бойынша ескі тәсілмен 200га алқапқа тең келетін ал, интенсивті түрде 40га алқапқа тұт көшеттері егілілді,деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі .

Алайда ол кезде бұл сала жаңадан еніп жатқан соң  көрші мемлекеттің тәжірибиесін зеріттей келе, Өзбекстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігінің “Жібек және жүн өнімдерін қайта игеру” коммитетінің басшыларымен “Узбекиппаксаноати” АҚ мен “Узбек тут кучат” кластерімен кездесулер өтті. Өзбек ағайындармен  бір келісімге келіп, жаңа гибрит тұт көшетін алып, жоғарыда айтқандай,  тұт плантациясы егілген болатын.  Ендігі жерде, “Қазақ жібек” қауымдастығымен бірге көптеген ізденістердің арқасында алғашқы отандық тұт көшеттері  шығарылды.  

Жаңа сорт  жергілікті климатқа әбден бейімделген.   Ең басты ерекшелігі, 8 ай көлемінде егуге мүмкіндік туып отыр. Сонымен қатар, өсу процесін жылдамдатып,  6 ай ішінде үш жылда  беретін көрсеткішке қол жеткізіп отыр. 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *