Skip to content

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ: БҰЛ – ЕГЕМЕН ЕЛІМІЗДІҢ БАСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕРЕКЕСІ

       ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sanur.kz.

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – егемен еліміздің шын мәніндегі басты мемлекеттік мерекесі. Өйткені қажырлы күрес пен жанкешті еңбектің арқасында қолымыз жеткен тәуелсіздік – көздің қарашығындай қорғалуға тиіс қастерлі құндылық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған мемлекеттік саясат тәуелсіздік тұғырын нығайтуға бағытталған, – деді Үкімет басшысы.

Шынайы жаңғыру жолына қадам басқан Қазақстан алаштың әділеттілік пен азаттық жолындағы сан ғасырлық арманын ақиқатқа айналдырды.

Сондықтан біздің болашақ ұрпақ алдындағы басты парызымыз – осынау баға жетпес байлығымызды сақтап, ел ырысын еселей түсу үшін қолдан келгеннің бәрін жасау. Мерейлі мерекеде баршаңызға ашық аспан, мықты денсаулық, табыс және амандық тілеймін!, – делінген құттықтауда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *