Skip to content

АЛМАТЫДА АДАМ ӨЛІМІНЕ ӘКЕП СОҚҚАН АВТОБУС АПАТЫ БОЛДЫ

                                                                                                                  Алматыда автобус дүкенге соғылды.  Жол апаты Мақатаев пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

Апат салдарынан ір адам қаза тауып, 16 адам зардап шекті. Жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

«Бұл жол-көлік оқиғасы Алматының Алмалы ауданында 14:20-да болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, KIA маркалы көлік жүргізушісі Мақатаев көшесін оңтүстік бағытта кесіп өтіп, «City bus» ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-бағыттағы автобуспен соқтығысқан, ол кейіннен кедергіге соқтығысқан. Оқиға салдарынан автобустың 16 жолаушысы медициналық көмекке жүгінді, тағы бір жолаушы оқиға орнында қаза болды», — деп хабарлады полиция.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *