Skip to content

«AMANAT» ҮМІТКЕРІН ҰСЫНДЫ

       Биыл әкімдер сайлауы өтетін қалалар мен ауылдарда «AMANAT» партиясы филиалының конференциялары жалғасып жатыр. Мәселен өткен апта   партияның Мақтаарал ауданындық филиалының кезектен тыс мәжілісінде алдағы сайлауда Бақыт Асанов аудан әкіміне кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

Жиынға аудандағы бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар және партияның облыстық басшылары қатысты. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Аудандық Мәдениет үйінде өткен кезектен тыс мәжілісті «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық партия филиалының төрағасы Мұхтар Кенжетайұлы төрағалық етіп, жүргізді. Аудан бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жұмыстарының және «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы көрсеткіштерінің орындалу барысы туралы күн тәртібіндегі бірінші мәселеге сәйкес аудан әкімінің атқарылған жұмыстары бойынша есебі тыңдалды.

ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕҚЫЗЫ; «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАР, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ

Жан басына шаққанда ішкі өнім былтырғыға қарағанда анағұрлым өскен. 244 мың болса ішкі өнім, биыл 338мыңды құрап отыр. Бұл жақсы көрсеткіш.

Күн тәртібіндегі басты тақырып аудан әкімі сайлауына партия атынан кандидат ұсыну.  Кандидаттар конференция делегаттарына және қатысушыларға таныстырылып, кандидаттарға жеке-жеке ашық түрде дауыс берілді. Дауыс беру нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған Мақтаарал ауданы әкімінің сайлауына Асанов Бахыт Насирханұлының  кандидатурасы «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы тарапынан әкімі лауазымына кандидат ретінде ұсынылды.

МЕРУЕРТ ДАУБАЕВА; АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ

Бүгін 29 қыркүйек күні Аманат Патиясының конференциясында Бақыт Насырханұлы көптеген дауыспен жеңіске жетіп отыр. Яғни жиында 50 делегет болса оның 40 Бақыт Асановқа  дауыс беріп отыр. Оған дейін бізде барлық 13 өңірде осындай конференциялар өткізілді. Барлығы ашық түрде өтті деп ойлаймын. Халықтың сайлауға деген көзқарасы жақсы. Белсенділігі де жоғары.

Қорытынды сөзді алған Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қалыйма Жантөреқызы Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында облыстық маңызы бар қалалар мен аудан әкімдерінің сайлауын өткізуді тапсырғанын атап өтті.

ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕҚЫЗЫ; «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ

Бізде 4 ауданда әкім сайланатын болып, бүгін қуанышты жағдайдың куәсі болып отырмын. Халық өзінің таңдауын жасап бүгін партия атынан Асано Бақыт мырзаны ұсынды. Бұнің бәрі партияның беделін артқандығы екіншіден ашықтық бір-біріне деген сенімді әлеуметтік жағдайдың жақсы болатынын экономикалық дамудың жақсы болатындығына беріп отырған сенімі деп айтқым келеді.

 Партия филиалының конференциясында барлық ұсыныстар талқыланып, тиісті қаулы қабылданды. Еске сала кетейік алдағы 5 қараша күнге белгіленген сайлауда еліміз бойынша 45 аудан мен 3 қаланың әкімдері сайланады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *