Skip to content

APEMS ЖАҢА КАФЕДРАЛАР ҚҰРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМДЕРГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

    Дене шынықтыру және бұқаралық спорт Академиясы жаттықтырушылық қызметті жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту мақсатында «QAZAQ KURESI» қауымдастығы мен «ASTANA» орталық шахмат клубы негізінде кафедраның филиалдарын құру туралы келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігі.
 
  Филиалдарды құрудың мақсаты – білікті кадрларды даярлауды жетілдіру, оқу үдерісінің практикалық бағытын күшейту, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін өндіріске енгізу.
 
   Бұл бастама жоғары білім беру жүйесінде студенттердің тиісті материалдық-техникалық база жағдайында практикалық жаттықтырушылық дағдыларды меңгеруін және спорт түрлері бойынша жоғары білікті және еңбек сіңірген жаттықтырушылардың болуын көздейтін дуалды оқытуды енгізумен жүзеге асады.
 
   Бұл білім беру үдерісі үшін болашақ түлекті Қазақстанның нақты еңбек нарығына дайындауға және жұмыс берушілердің өзгермелі талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *