Skip to content

ӘР НОМИНАЦИЯ ЖЕҢІМПАЗЫНА 2 МЛН ТЕҢГЕ БЕРІЛЕДІ — ҰСҚ ПРЕЗИДЕНТІ

       “Құлагер” әдеби байқаудың ресми ашылуы Алматы қаласында Жазушылар одағы ғимаратында өтті, деп хабарлайды Sanur.kz.

Ұлттық спорт қауымдастығының президенті байқау жас қаламгерлерге қолдау білдіріп, ерекше шығармалардың пайда болуына септігін тигізетінін атап өтті.

Елімізде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны қарсаңында республикалық «ҚҰЛАГЕР» әдеби байқауын жарияладық. Біздің мақсат — ұлттық спортты елімізде насихаттау, дамыту, жас қаламгерлерді қолдау. Байқау жеті номинациядан тұрады. Әр номинация жеңімпазына 2 млн теңге беріледі. Өздеріңіз білесіздер президенттің тапсырмасымен ұлттық спорт қарқынды дамып келе жатыр. Күні кеше Астана қаласында “Алтын тұғыр” деген байқауды өткіздік. Жыл бойы үздік спортшыларды марапаттадық. Енді міне, осы жылдың басында қазақ әдебиетінің қара шаңырағында зиялы қауыммен кездесіп, байқау жарияладық. Алдағы уақытта нәтижесін көріп, жаңа шығармалар пайда болады деген ойдамын. Сонымен қатар  жас қаламгерлердің қаламы ұшталып, спорттық шығармалар халық ықыласына бөленбек,- дейді Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов.

Әдеби байқаудың ашылуына халықаралық деңгейдегі шабандоз Бауыржан Мырзабаев та қатысты. Ол елдегі ат спорты дамып келе жатқанын айтты.

Ұлттық спорт пен әдебиет қосылып жақсы нәтиже шығарады деп ойлаймын. Ал қазіргі Қазақстанның ат спортын әлемдік дәрежеде салыстырып бағалайтын болсақ, біз олардан алыстамыз. Бірақ соңғы жылдары қазақ жігіттері алдыңғы саптан көрініп, алға ұмтылыс бар. Өзім ат спортына бала кезден бейім болып келдім. Әкем бәйгеге ат қосатын. 9-сыныпқа дейін ауылда болып, кейін Чехияда “Жокей мектебінде” оқыдым, — деді Халықаралық шабандоз Бауыржан Мырзабаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *