Skip to content

АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕҢЕСТІ       

         «Қариясы бар елдің дариясы бар» Әсіресе, ұлт тәрбиесінде – қазыналы қарттардың алар орны ерек. Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Бабашовтың ардагерлермен кездесіп, кеңесуінің басты мәні де осында. Идеологияның тізгінін қолына ұстаған жаңа басшы жұмысын ардагерлермен ақылдасудан бастап, ақ баталарын алды. Бұл туралы Sanur.kz тілшісі хабарлайды.

Аға буынның  ақыл-парасаты – кейінгі ұрпақ үшін қашанда шамшырақ, дұрыс бағдаршам іспетті Теңіздің тұнығы, дарияның тазалығы қандай болса, қариялар да сондай . Ақсақал-әжелер – халықтың тұнып тұрған хаты. «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қалса керек-ті. Ал үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Олардың өмірлік тәжірибесі  бен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымы –  кез – келген басшы үшін құнды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Бабашевтың алдағы жұмыстың бағытын анықтап, ең алдымен ардагерлермен кеңесуінің басты сыры осы.

НҰРҒАЛИ ТҰРАШЕВ ; МЫРЗАКЕНТ КЕНТІ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Бұл бірінші жиын. сондықтан келешекте мұндай басқосуларға әртүрлі ұлттардан қатысса және жастарды да қамту керек. Бізге не керек? Ұлттың бірлігі мен татулығы болса, болды. Жастар қатысып, елдегі болып жатқан жадайларға өз пікірлерін білдірсе. Екінші ұсынысым –

Қашанда береке – бірліктің, ұлттың ұйытқысы боп жүрген ақ жапулықта әжелер де өз ұсыныс пікірлерін жеткізіп, тәрбие жолында жасалатын жұмысты бірлесіп ақылдасып алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *