Skip to content

АРЫСТЫҢ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ ЖҰМЫСЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

       Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Арыс қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кезекті мәжіліс өтті. Жиында шаһарды дамыту жолдары кеңінен талқыланды. Кемшіліктер ашық айтылып, индикаторды орындамаған басшыларға сын-ескертпелер айтылды. Облыс әкімі Арысың әлеуеті бұдан да жоғары болуы керек екенін жеткізді. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
Арыс қаласының стратегиялық маңызын ескере отырып, арнайы экономикалық аймақ құру бойынша зерделеу жүргізіп, нақты ұсыныс енгізуді тапсырғанмын. Бұл тапсырмада орындалмаған. Қалада шешімін таппаған мәселелер көп. Арыс қаласы облысымыздағы үлкен қалалардың бірі болса да, тамақ өнімдерін өндіруге тартылған инвестиция көрсеткіші бойынша төменгі орында. Небәрі 245 млн. теңге тартылған. Бұл өте аз. Инвестиция тарту, өнеркәсіп көлемі бойынша осы жылға бекітілген жоспарларға қол жеткізу үшін салалық басқармалармен бірлесе отырып, қажетті шараларды қабылдаңыз. Арыс қаласының әлеуетін толық пайдалану үшін қалада шағын өнеркәсіптік паркті құру қажет. Осы мәселені жан-жақты пысықтап, жұмыс атқарған жөн. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Арысты географиялық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, көлік-логистикалық орталыққа айналдыру қажет. Қала әкімі, басқарма басшылары осы бағытта жұмыс жүргізіңіздер, – деген Дархан Сатыбалды әлеуметтік ахуалды жақсарту, қаланың тазалығын реттеу, жолдарды күтіп ұстау, жылыту маусымын сапалы өткізу, тұрғын үймен қамту және білім, денсаулық салаларындағы түйткілдерді тарқату жөнінде тапсырма берді.
 
Мәжілісте Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекованың есебі тыңдалды. Ол негізгі экономикалық көрсеткіштерге тоқталып, жоспарларын баяндады. Кәсіпорындар ашу бойынша жұмыстар жүріп жатқанын мәлімдеді.
 
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов Арыс қаласын даму барысын зерделеу нәтижесімен таныстырды. Орындалмай жатқан тапсырмаларға, кемшіліктерге тоқталды.
 
Жиынды қортындылаған облыс әкімі жауапты басқарма басшылары мен аудан әкіміне шаһарды дамыту бойынша жұмыстарды жүйелеуді тапсырды. Жұмыс дұрыс атқарылмаса, шаралар қабылданатынын ескертті.
 
Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі биыл 9 айдың қорытындысымен 14 млрд. теңгені құрады. Өндеу өнеркәсібінің негізгі капиталына бағытталған инвестиция көлемі 536 млн. теңгені құрады.
 
Арыс қаласы тұрғындарының жылыту маусымына 52 мың 735 тонна көмір қажет болса, бүгінгі күнге 43 мың 242 тоннасы тасымалданған. Бұл бағытта жұмыс жалғасады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *