Салтанатты шараға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен бірнеше елдің басшысы келді, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі
Салтанатты ашылу рәсіміне 20 мың көрермен жиналды. Екі сағат бойы 3 мың өнерпаз өнер көрсетті. Қатысушылар арасында еліміздің түрлі өңірінен мәдениет саласының өкілдері, Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты мекемелердің әртістері бар.
Спортшылар шеруін Қырғызстан мемлекеті бастап шықты.
Айта кетейік, Шараға 90-ға жуық елден 2000-нан астам спортшы қатысып жатыр. Спорттың 21 түрінен 97 медаль сарапқа салынады.Дүбірлі додада ел намысын 216 спортшы қорғайды.