Skip to content

АУДАН ӘКІМІ АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

   Түркістан облысында бірнеше айдан бері жүргізілген апаттың алдын алу жұмыстарының нәтижесінде шамадан көп жауған қар мен жауған жауыннан келер алапат апатқа жол берілген жоқ, деп хабарлайды Sanur.tv.
 
   Бүгін облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының төрағалығымен барлық аудан, қала әкімдерінің онлайн қатысуымен аппарат жиыны болып, атқарылған жұмыстар мен атқарылар істердің барысы талқыланды.
 
  Апаттың алдын алу бойынша облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлының жетекшілігімен арнайы штаб құрылып, аудан аумағында су тасқынына қарсы жұмыс күшейтілген болатын. Жағдай тұрақты талқыланып, қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне нақты міндеттер жүктелді. Ауа райының алдын ала болжамы назарға алынып, қауіпсіздік нығайып, арықтар мен атыздар, каналдар тазаланды. Техника мен төтенше жағдай саласы мамандары, жекелеген құрамдар дайындыққа келтірілді. Соның нәтижесінде ауданда елді мекендер мен тұрғын үйлерді су басу қауіпі сейілді.
 
  «Биылғы жылғы метеожағдайға байланысты атқарылған алдын алу жұмыстарының нәтижесінде қауіп сейілді. Бірақ, толықтай жойылды деп айта алмаймыз. Әлі де жағдайды назардан тыс қалдыруға болмайды.
 
  Сіз бен біздің жұмысымыздың нәтижесі тұрғындардың қауіпсіздігімен өлшенеді. Бұл жағдайда сабыр керек. Ең бастысы, ел аман. Жағдай бақыланып, тиісті жұмыстар әлі де атқарылып жатыр» деген аудан басшысы аудандағы ирригациялық жүйелер мен каналдарды толығымен тазартуды, елді мекендердегі жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *