Skip to content

АУДАН ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРДІ «КӨРІСУ КҮНІ – АМАЛ МЕРЕКЕСІМЕН» ҚҰТТЫҚТАДЫ

              Аудан әкімі ардагерлерді Көрісу күні-амал мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Sanur.kz.
 
Жетісай ауданында Наурыз мерекесі ерекше ықыласпен бастау алды.Көктемнің алғашқы күндерімен қатар келетін «Көрісу күні» де елге ортақ мереке. Бұл күнде көпшілік бір-бірімен кол алысып, төс қағыстырып, бір-біріне сыйлықтар тарту етіп, арқа-жарқа болады.
 
Жоғалып бара жатқан салт-дәстүрімізді қайта жаңғырту мақсатында тойлануы басталған мерекелі күнде Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов өңірдің мәдениеті мен спортының дамуына сүбелі үлес қосқан еңбек ардагерлерінің үйінде болып, мерекемен құттықтады. Алғыс хат табыстап, сый-сияпат жасады.
 
«Ұлыстың ұлы күні – Наурыздың бастауы болған «Амал мерекесінде» адамдардың бұрынғы өкпе-реніштерінің бәрі кешіріліп, араздық ұмытылады. Сөйтіп, бұл татуласудың дәнекері, жаңа өмірдің бастауы болып табылады. Қос қолдап амандасып, төс қағыстырудың да өзіндік мәні бар. Бұл «Өмір тірегім – төсім, тіршілік көзі – екі қолым аман-сау болсын, дегенді білдіреді. Жылы жүректерден шыққан игі тілектер көпшілікті жақсылыққа бастайды» деді Серік Үсенұлы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *