Skip to content

АУДАН ӘКІМІ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

    Бүгін Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов VIII шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының кезекті VII сессиясына қатысты. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
Жиынға аудан әкімімен қатар аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, аудандық полиция бөлімінің бастығы, аудандық ауруханалардың бас дәрігерлері қатысты.
 
Күн тәртібінде аудан әкіміне жүктелген міндеттер мен қызметтердің орындалуы жөніндегі есебі тыңдалып, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан атқарылған жұмыстар, білім саласы мен қылмыстың, денсаулық сақтау саласының жағдайлары талқыланды. Асықата кенті әкімі мен Қарақай, Жылы су, Мақталы, Атамекен, Қызылқұм, Қазыбек би ауылдық округтері әкімдерінің атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдаған халық қалаулылары Жаңа ауыл ауылдық округі елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу, ауданның жер комиссиясының құрамын бекіту туралы шешіміне өзгеріс енгізу, аудан әкімдігі жанындағы шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамын, терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту, 2023 жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы мәселелер де қаралды.
Аудан әкімі келтірген мәліметке сәйкес тұрғындардың табиғи газға деген сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында республикалық бюджеттен қаралған 9,8 млрд теңге есебінен қолға алынған 14 жобаның 6-ы (Жаңа дала, Сейфуллин, Байқоныс, Аль-Фараби, Бейбітшілік, Отан) толық аяқталып, 10 мыңға тарта тұрғын осы жылы газбен қамтылады. 2 автоматты газ тарату станциясының («Жетісай», «Кирово») құрылысы аяқталған.
 
Бұдан бөлек ағымдағы жылы Қызылқұм ауылдық округіндегі Қарасақал елді мекеніне магистралды газ құбырының құрылысы жүргізілетін болады. Бұл өз кезегінде жол бойында орналасқан елді мекендерді табиғи газбен қамту мүмкіндігі туындайды.
 
Сонымен қатар, аудан басшысы тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Республикалық бюджеттен бөлінген 7,3 млрд теңгеге 4 нысанның құрылысы жүргізіліп жатқанын, соның ішінде Жетісай қаласы жыл соңына дейін толығымен жаңа су жүйесіне қосылатынын, 6 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ететін қалған 3 нысанның келесі жылы пайдалануға берілетінін жеткізді.
 
Одан бөлек, жыл басынан бері 70,5 шақырымды құрайтын 104 көшеге «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Республикалық бюджеттен 1,1 млрд теңге, облыстық және жергілікті бюджеттен 900 млн теңге қаржы бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.
 
«Аудандағы жаңадан түскен көшелерге электр желісін салу және КТП орнату үшін Республикалық бюджеттен 561,2 млн теңге қаржы қаралды. Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты 3 елді мекенің электр желілері жаңартылуда. Нысан 2024 жылға өтпелі.
 
Сонымен қатар, ауданда жалпы ұзындығы 245,7 шақырымды құрайтын 380 ішкі көшелер жарықтандырылған. Үстіміздегі жылы «Жетісай қызмет» МКК тарапынан 41 көшеге, демеушілер есебінен 131 көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді» деді аудан басшысы.
 
Сессия соңында депутаттар тарапынан жұмыс сапасын жақсарту және кейбір кемшіліктерді жою бойынша ұсыныс-пікірлер айтылып, жауапты сала мамандарына сұрақтар қойылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *