Skip to content

АУДАНДА АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

            Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі болып өтті. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
Күн тәртібінде аудандағы кіріс түсімдерінің орындалуы, салық базасын ұлғайту бойынша атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы аудандық аумақтық салық басқармасының басшысы Серік Жасұзақов пен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Өмірзақ Дүйсебаевтың, аудандағы жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша атқарылып жатқан шаралар мен «Ұлттық жоба» аясында ашылатын жұмыс орындары туралы «Мансап» орталығының директоры Олжас Қаныбековтың, аудандағы құрылысы тоқтап қалған және құрылысы 2023 жылы аяқталуды қажет ететін, пайдалануға берілмеген нысандар туралы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының м.у.а Бахтияр Шералиев пен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетовтың, «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асырылуы мен көктемгі көшет егу жұмыстарының барысы туралы аудан әкімінің орынбасары Марат Айнабековтың, көктемгі дала жұмыстарына дайындықтың барысы мен су үнемдеу технологиясы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудан әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаевтың баяндамалары тыңдалып, талқыланған жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен қала, кент, барлық ауылдық округтердің әкімдері, бөлім басшылары қатысты.
 
Жиын соңында орындалмаған жұмыстар мен атқарылар жоспарлар бойынша тиісті бөлім басшыларына бірқатар хаттамалық тапсырмалар берген аудан басшысы жұмыс сапасын арттыруды назардан тыс қалдырмау керектігін айтты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *