Жетісай ауданына экологиялық аймақ статусын беру керек. Өйткені мұндағы халық ащы судың зардабын тартып отыр. Бүгін облыс әкімінің қабылдауында болған Марат Ділдәбеков осындай мәселе көтерді. Жавлпы қоғамдық қабылдауға кімдер келді, ел не деді? Әріптесім Әсем Жұмалиеваның бейнематериалында толығырақ.
Бүгін Жетісайлықтар үшін облыстағы барлық басқарманың есігі айқара ашылғандай. Күнде туа бермейтін мұндай мүмкіндікті қалт жібермегендердің бірі — Марат Ділдәбеков. Қашанда елдің жанайқайын жеткізіп жүретін әдетінен бүгін де танбады. Облыс әкіміне тікелей жолығып, көкейін тескен мәселесін айтты. Ауданға экологиялық аймақ статусын беру керек дейді. Себебі, жер асты суы көтеріліп, халық соның зардабын көріп отыр.
Марат Ділдәбеков; аудан тұрғыны
— Аурулар көп бізде. Бізде дренаж істемейді ғой, 30-35 жыл болды. Дренаж істемегеннен кейін жердің астындағы тұзды су көтерілген елді мекендерде. Тұзды су ішіп жатыр, әңгіменің қысқасы. Соны айттым мен. Экологиялық статус беру керек . Ол тұзды су болғаннан кейін бүйрек, бауыр , өт тынған екі ауданның . Сөздің ашығын айтайын. Ал статистика береді, оның бәрі өтірік.
Жеке қабылдауда айтылған өтініш бұл ғана емес. Ауданға ақылы жолдар салу қажет. Мұнан бөлек, Жетісайды моноқалаға айналдыру керек деп есептейді.
Марат Ділдәбеков; аудан тұрғыны
— Темір жол керек . Бірақ қиын. Автобан керек бізге. Ешқандай машина келмейді бізге жолды жөндемесе. Тауарды өндіреміз, қауын — дарбызды өткізе алмаймыз. Келіп әкетпейді, себебі жолымыз нашар . Екі ауданда 137 мың гектар бар. Біразы қауын — қарбыз егеді, біразы мақта егеді. Сбыт. Өткізетін жер керек бізге. Өткізе алмаймыз. Моногород қаланың статусын берсін. Облысқа тікелей бағынышты болсын. Инфрақұрылым сол кезде күшейеді. Бұл ойланатын нәрсе деді.
Дегенмен де, жеке қабылдауға кіре алмай, ішке қарай ене алмай қалғандар да болды. Кейбірінің үні биліктегілерге жетпей, табалдырықтан ары өтпей, кері қайтқандар та табылды.