7 қазанда Ауғанстанның батысында жер сілкінісі болды. Биліктің айтуынша, көп адам әлі үйіндінің астынан шығарылмаған. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Талибан” үкіметі өкілінің орынбасары Билал Карими мың адам мерт болғанын хабарлады. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Батыс Ауғанстанды дүр сілкіндірген қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2000-нан астам адамға дейін өсті.
АҚШ геологиялық қызметінің мәліметі бойынша, 7 қазанда аймақта магнитудасы 6,3 жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 км жерде, одан кейін бірнеше жер сілкінісі болды.
Түркіменстандағы Ашхабад тұрғындары да дүмпулерді сезген.