Skip to content

АUTONESIE.KZ САЙТЫНА 1 МИНУТТА 125 МЫҢ АДАМ КІРГЕН

    Платформа іске қосылған алғашқы минутта autonesie.kz сайтына 125 мың адам кірген, деп хабарлайды Sanur.kz «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    761 қазақстандық өз өтінімдерін сағат 10.00-де платформа іске қосылғаннан бастап алғашқы 18 секундта тіркеп үлгерген. Бірінші минутта сайтқа кірушілер саны 125 мың адамды құраған.

  «Autonesie.kz сайты жүктемені көтеріп, пулдың қалыптасуын қамтамасыз еткендігін атап өтеміз. Лимитке жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталып, «Өтінім беру» функциясы белсенділігін тоқтатты. Өтінім беру барысында кейбір пайдаланушылар автомобиль өндірушісін таңдай алмады, бұл өтінім лимитіне қол жеткізумен байланысты болды», деп жазылған хабарламада.

   Еске салайық, келесі өтінімдерді қабылдау қазақстандықтарға наурыз айында, одан әрі – ай сайын қолжетімді болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *