Skip to content

АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ КІТАПХАНАДА ҮЗДІК ОҚЫРМАН АТАНҒАН ОҚУШЫҒА ВЕЛОСИПЕД БЕРІЛЕДІ

      Түркістан облысы, Келес ауданындағы Б.Момышұлы атындағы №59 жалпы орта мектебінің кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап оқу байқауы» жобасы жүзеге асуда. Алдағы уақытта үздік оқырман оқушыларға спорттық велосипед, планшет және тағы басқа құнды сыйлықтар беріледі. Жобаға жеке кәсіпкерлер – Бекшораев Марат, Құтымов Марат, Ахметов Сапархан сынды ел ағалары демеушілік жасауда. Мектеп директоры Убайдулла Ералиевтің айтуынша, игі жобаға жастар арасында қызығушылар артып келеді екен. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 
 
Мектебімізде балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ әдебиетін, ақын-жазушылар шығармаларын терең зерттеуге және жас ұрпақтың бойына кітапсүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында мұндай акция алғаш рет ұйымдасытырылып отыр. Кітап – терең ойлауды үйретіп, есте сақтау қабілетімізді жақсартып, ақыл-ойымызды еркін жеткізуге жаттықтырады. Балалар велосипедті көріп кітап оқуға деген қызығушылығы арта түседі деген сенімдемін,– дейді мектеп басшысы.
 
Айта кету керек, мұндай акция бұған дейін Келес ауданындағы тағы бір мектепте ұйымдастырылған еді. Жастарды кітап оқуға баулуда осындай жобалардың рөлі орасан зор. Қазіргі таңда аталған білім ордасында 400-ден аса оқушы тәлім алады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *