Skip to content

АВТОБУС ПЕН ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ ПАТРУЛЬДІК ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ

Бұдан былай, камера жоқ деп , жол ережесін кез — келген жерде бұзудан сақ болыңыз. Өйткені енді автобустар мен жедел жәрдем көлігіне де жол ережесін бұзуді тіркейтін камера орнатылады. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ брифингінде «жасырын» патрульдеу енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі

 

Қала сыртындағы жолдарда сәйкестендіру белгісі жоқ полиция көлігінің салонына автоматты камералар орнатылды. Борттық жүйе жол ережесін бұзуды тіркейді. Қазір олардың саны 300-ге жуықтады. «Оның мақсаты — мүмкіндігінше көп айыппұл салу емес, қала маңындағы жолда жүргізушілерді тәртіпке келтіру. Елді мекендердің ішінде осындай камералар автобустардың салонына жасырын орнатылады, қазір 5 маршруттық автобус жабдықталған, жыл соңына дейін олардың санын көбейтуді және жедел жәрдем көліктеріне де орнатуды жоспарлап отырмыз», — деді Қайсар Сұлтанбаев.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *