Skip to content

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ – 2023: ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНА 10-АЛТЫН МЕДАЛЬ ТҮСТІ

     Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Азия ойындарының чемпионы атанды. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әйелдер арасында +68 келі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда Арика Гурунгпен (Непал) кездесті.

“Кездесу басынан белсенді қимылдаған Берульцева қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Қазақстандық спортшы 3-0 есебімен айқын жеңіске жетті”, – деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.

Берульцова финалдық жекпе-жектен кейін өз әсерін бөлісті.

“Азия ойындарына алтын медаль алу үшін келдім. Жоспар орындалды. Бұл біздің команданың жеңісі”,- дейді спортшы қыз.

Бұған дейін каратэші Данияр Юлдашев Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

84 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда малайзиялық қарсыласына есе жіберіп, күміс медаль иеленді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *