Бүгін Бәйдібек ауданында алғаш рет пилоттық жобамен аудан әкімінің сайлауы өтуде. Аудандағы 50 сайлау учаскесіндегі жалпы саны 268 сайлау комиссиясының мүшелері таңғы сағат 7.00-де өз жұмыстарын бастап кетті. Бәйдібек ауданындағы 28 807 сайлаушы өз дауыстарын таңдаған үміткеріне бергелі отыр, деп хабарлайды Sanur.kz.
Таңғы 7-ден бастап аудан тұрғындарының сайлауға дауыс беруге келуі жоғары деңгейде. Бірінші дауыс беруге келгендерге естелік сыйлықтар табыс етілуде.
Аудандағы 50 сайлау учаскесінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлауға байланысты толық мәлімет алуға болатын арнайы бұрыш жасақталып, үстел шамдарымен, компьютермен, құлақаспаптармен, ұлғайтқыштармен және зағип азаматтар үшін брайль алфавитімен қамтылып, тактильді жолақ орнатылған.