Мектепке дейінгі ұйымдардағы орындарды бөлуде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету мақсатында кезекті есепке алудың Бірыңғай базасы әзірленді, деп хабарлайды Sanur.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Жоба қазіргі уақытта Қарағанды облысының Шахтинск қаласында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында, Атырау және Шымкент қалаларында, сонымен қатар Павлодар облысының 8 ауданында пилоттық режимде іске асырылып жатыр, – делінген таратылған ақпаратта.