Skip to content

«БАЛАҚАЙ» ӘЛЕУМЕТТІК САУДА ҚАТАРЫ АШЫЛДЫ

    «Балақай» дүкендер желісі облыстың барлық аудан-қаласында бар. Енді міне, Мақтаарал ауданында да есігін айқара ашты. Ауылдағы ағайынның тұрмыстық түйткілін шешуді көздеген дүкен басшылары балаларға арналған киім-кешектерді базар бағасынан мейлінше арзан саудалауда. Атакент кентінен ашылған дүкеннің ашылуына Аудан әкімі арнайы келіп қатысты, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

БАҚЫТ АСАНОВ; МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Мына қазір үлкен бір «Балақай» сауда орталығы ашылып жатыр, іші кең заманауи жабдықт армен жабдықталған әсем ғимарат. Ішіндегі дүниелердің барлығының сапасы жоғары. Мен жалпы Дүкен иесіне айтып жатырмын: Біз жалпы мақта өндіретін ауданбыз, сол себептенде алдағы уақытта мақтаны өзіміз өңдеп, киім — кешекті өзімізден шығаруға әренкет жасауымыз керек.  БҰл әзірге сауда орталық болса келешегі киім тігуші фабрика болуы керек. Киімді өзіміз тігіп, өзіміз саудаға шығаруымыз керек.

Дүкеннің ашылуына жиналған жұрттың қарасы қалың. Ауыл ішінен әлеуметтік сауда қатарының ашылуы ілкі буынға қуаныш сыйлады.  Тіпта дүкен ашылуына Қазақстан Эстада жұлдыздры келіп ән шырқап, кент тұрғындапрына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ал,

Дүкеннің ашылу лентасын қиған Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Насырханұлыда дүкеннің тыныс тіршілігімен танысып шықты. «Балақай» сауда орталығында оқушылардың мектеп формасынан бастап, отбасылық киім-кешектер мен аяқ киімдер, тұрмыстық заттардың сан түрі бар. Мұндағы тауарлар базар бағасынан 20-30 пайызға арзан. Өйткені, бұл орталыққа көршілес елдерден тауарлар тікелей тасымалданады.

ЕРБОЛ ИСАЕВ;  «БАЛАҚАЙ» ОТБАСЫЛЫҚ ДҮКЕНІНІҢ ШАРДАРА, ЖЕТІСАЙ, МАҚТААРАЛ АУДАНДАРЫ БОЙЫНША АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
Алғашында Икарус автобустарды сатып алып сол арқылы тауарларды сатылымға шығарған болатынбыз. Өзіміз ағайын — туыс бауырлар болып осы істі бастадық Аллаға шүкір барлығымыздың алға қойған мақсатымыз осы болатын. Үлкен бір дүкендер ашсақ деген арманымыз орындалуда. Қазір біздің «Балақай» отбасылық дүкені Қазақстанның барлық аймағын қамтығанбыз. Алайда ең көп орналасқаны осы Түркістан облысы. Осындағы барлық тауарлар Өзбекстан, қызғыстан, Түркияджан әкелінген. Енді Қытаймен келісім шартқа отырып сол жаұқтанда тауарлар алдырсақ деген ниеттеміз. Барлығы сапалы, тұрғындардың көңілінен шығады деген үміттеміз.
 
Айта өтер болсақ Түркістан облысының барлық аумағын қамтыған «Балақай» дүкендер желісінің Мақтаарал Жетісай Шардара аудандары бойынша 100-ге тарта азамат жұмыспен қамтылған.

АЙДА ТАҒАБАЙ; «БАЛАҚАЙ» ОТБАСЫЛЫҚ ДҮКЕНІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
«Балақай» отбасылық дүкенінде жұмыс жасап жатқаныма бір жыл көлемі болды. Өз жұмысым өзіме қатты ұайды. Мұнда отбасылық киімдер, бағасы арзан, сапалы тауарлармен қамтылған. Өзім жұмыс жасаған бір жыл көлемінде тұрғындардан ешқандай арыз — шағымдар келіп түскен жоқ. Тіпті мұнда көрші аудандардан келген тұтынушыларда кезігіп жатады.


«Балақай» дүкеніндегі тауарлар көрші мемлекттерден әкелінеді. Тікелей тігін фарбрикаларымен келісім жасалғандықтан, тауар бағасы едәуір төмен. Әр маусым сайын арнайы жеңілдіктер де болып тұрады. Ендеше, арзандатылған киім-кешектен құр қалмаңыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *