Skip to content

«БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН ҚАРАЖАТ ТӨЛЕНЕДІ»: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН МАҚҰЛДАДЫ

  Мәжілітің жалпы отырысында “Ұлттық қордан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заңының жобасы мақұлданды. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

  Заң жобасы жайлы депутат Берік Бейсенғалиев баяндады. Мәжіліс депутаты ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы жинақ шоттарына аударылатынын айтты.

«Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2023 жылғы 23 мамырда оған бастамашы болған Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының ұсынуына сәйкес енгізілді. Заң жобасының негізгі мақсаттары кәмелетке толған кезде жиналған қаражат есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе білім алуға мүмкіндік жасау мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының өскелең ұрпағын қолдау болып табылады. Жыл сайынғы аударымдарды есептеу үшін Ұлттық қордың есепті жылға дейінгі 18 жылдағы орташа жылдық кірістілігі пайдаланылады», — деді депутат Берік Бейсенғалиев.

   Бұл қаражатқа олар болашақта тұрғын үй жағдайын жақсартып немесе білім ала алады. Тұрғын үй сатып алуға немесе жақсартуға Қазақстан аумағында ғана рұқсат етіледі.  Сонымен қатар білім алу үшін шетелдік оқу орындарында оқуға мүмкіндігі бар. Аталған жинақ келер жылдың 1 қаңтарынан басталады.

Бұл қаражат 18 жасқа толған кезде ғана баланың төлемдерді талап ету құқығын білдіреді. Ұлттық қордан қаражатты алу бала 18 жасқа толған кезде аудару мен пайдалануға қажетті сомада және жинақталған қаражат шегінде жүргізілетін болады. Нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтау шоттарына есепке алуды және есепке жатқызуды, нысаналы жинақтарды төлеуді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – «БЖЗҚ» АҚ) жүзеге асыратын болады. Жұмыс тобына 100-ден астам ұсыныс келіп түсті, олар мүдделі министрліктер мен ведомстволар, сондай-ақ бірқатар үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының тоғыз отырысында, Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында қаралды”,- деді ол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *