Skip to content

БАСКЕТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ 

        Асықата кенті №13 Н.Төрекулов мектебінің спорт залында баскетболдан облыстық ашық турнир өтті. Спорт саласында тер төгіп,  жүздеген баланы спортқа баулыған Қонысов Мейрам және әке ізін жалғаған Қонысов Серікті еске алуға арналған еске алу турнирінің ұйымдастырылуына  шәкірттері және жақын туыстары арқау болдыБұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өз заманында баскетболдың шебері атанған    КСРО — ның Спорт ардагерлерін еске алып,  ұрпақ жадында осы спорт түрін жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған облыстық турнирдің шымылдығы мемлекеттік әнұранмен түрілді. Халықаралық ФИБА ережелеріне сәйкес өткізілген  жарысқа облыстың әр аудандарынан келген 8 команда қатысты.  Сайыс талаптарына сәйкес ойынға 18-жастан асқан ересектер және әр командада  кәсіби 2 ойыншы ғана қатысты. Команда құрамында 12 ойыншы 2 жаттықтырушы  болды.

АЙДОС КЕНЖАБАЕВ ШӘКІРТІ

Серік ағамызды еске алу турнирінің арқасында осында келіп отырған жасөспірімдерге, ауылдың азаматтарына баскетболды насихаттап жатырмыз десек болады. Осы баскетбол ойынын үйренсін, көрсін, қызықсын оны әрі қарай дамытсын деген мақсат болған бізде. Нәтиже беріп жатыр деп ойлаймыз. Өйткені қаншама жерден облыстан қатысушылар командалар келіп отыр.                                                                                                                                                                            

Барын салған қатысушылар өте тартысты ойын түрін көрсетті. Осылайша жарыста 1,2,3 орындарға ие болған жеңімпаздар қаржылай және арнайы кубоктармен медальдармен дипломдармен және заттай бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жалпы барлық қатысушыларға белсенділігі үшін  алғыс хаттар табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *