Skip to content
Главная страница » БҚАТУ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫ ГРАНТТЫҚ ҚОЛДАУҒА ИЕ БОЛДЫ

БҚАТУ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫ ГРАНТТЫҚ ҚОЛДАУҒА ИЕ БОЛДЫ

      Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде алғаш рет өткен «Инженерлер форумында» білім алушылар өздерінің ғылыми жобаларымен гранттық қаржыландыруға ие болды. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлаиды 

Бұл іс-шараны университеттің «Мансап және бизнес-серіктестік» орталығы «Шелл Қазақстан» компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды.

Форум барысында университеттің үш командасы энергия тиімділігі, суды тазалау және бұрғылау ұңғымасының тиімділігін арттыру бойынша жобалық жұмыстарын таныстырды. Жеңімпаз команда «Шелл Казақстан» компаниясы атынан өз жобасын жүзеге асыру үшін 1 миллион теңге көлеміндегі грантты иеленді. Өзге қатысушыларға халықаралық сарапшылардан мансаптық коучингтен өту үшін сертификаттар берілді. Гранттық қаржыландыруға ие болған команда өз жобаларын жүзеге асыру үшін арнайы қондырғылар сатып алуды жоспарлауда.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың қараша айында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ мен Shell Qazaqstan компаниясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Соның нәтижесінде аталмыш компания өндірістің басты бөлігі – химиялық инженерия саласындағы өз білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісіп келеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған