Skip to content

БЛОГЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ЖУРНАЛИСТЕРМЕН ТЕҢЕСТІРІЛЕ МЕ?-БАЛАЕВА ЖАУАП БЕРДІ

      Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ОКҚ алаңында өткен брифингте блогерлер мен журналистердің қызметіне қатысты қойылған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

Блогерлердің жұмысы журналистермен теңестіріле ме? – деп сұрады БАҚ өкілдері министрден.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сұраққа жауап беріп, теңестірілмейтінін жеткізді.

Жоқ, теңестірілмейді. Ол үшін арнайы заң бар. Блогерлердің жедел ақпарат тарату құралының бәрі интернет-платформалар туралы заңмен реттеледі. Ал біздің (масс-медиа туралы заң – ред.) заңға оның қатысы жоқ, – деп жауап берді Ақпарат министрі ОКҚ-да.

Қазақстанда онлайн-платформалардың жұмыс істеуі, онлайн-жарнама жасау, орналастыру, тарату және сақтау, құқыққа қайшы контентті болғызбау және оның жолын кесудің құқықтық негіздерін айқындау мақсатында «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң жұмыс істейтінін еске сала кетейік.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *