Skip to content

БОТУЛИЗМНЕН САҚТАНЫҢЫЗ!

       Жаңа жылдың әлі жарты айы өтпегеніне қарамастан ботулизм ауруына облыста 3 адам шалдығып үлгерді. Өкінішке қарай біреуі өліммен аяқталды. Жетісай аудандық санитариялық  – эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары осы жағдайға байланысты дабыл қағып, тамақтан уланудан сақ болуға шақырады. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлайды.

Ботулизм ауруы-бұл тамақтан уланудың ауыр түрі, уақытында дәрігерге көрінбесе өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Көбіне үй жағдайында дайындалған қолдан жапқан саңырауқұлақ,баклажан, көкөніс салат,ет , балық консервілерін пайдаланғаннан болады. Егер аурудың мынадай белгілерін байқасаңыз, дереу дәрігер көмегіне жүгіну қажет. Өйткені ауруды өз бетімен емдеу мүмкін емес дейді мамандар.

ДИНАРА АБДЕШОВА; ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ – ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

–  Аурудың клиникалық белгілері – әлсіздік , іш ауруы , құсудың пайда болуы , көз алды торланып , бұлдырайды, бір нәрсе екеу болып көрінеді , ішкен асы тамақтан өтпей , шашалады , жұтыну қиындайды, даусы қарлығып , мұрын арқылы сөйлейді. Егер осындай белгілер байқалса, дереу дәрігерге көрінген абзал. Үйде жатып, антибиотик салдырғаннан еш пайда жоқ. Науқасқа ботулизм сывороткасын салу керек. Әйтпесе өліп кетеді.

Жетісай ауданында 2022 жылы бір жағдай тіркеліп, соңы өліммен аяқталған. Ал жыл басталмай жатып облыста үш адам ботулизмге шалдығып, оның біреуі қайтыс болған.

– Жылдың басынан бастап Түркістан облысы аумағы көлемінде 3 жағдай тіркеліп отыр. Ордасы, Созақ, Сайрам. Өкінішке қарай 1 науқас ботулизмнен көз жұмды.

Ауру – астан деп халқымыз бекер айтпаған. Қауіпті аурудан сақ болайық!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *