Skip to content

БҮГІН ЖАЗУШЫ ҚАЛАУБЕК ТҰРСЫНҚҰЛОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 90 ЖЫЛ

       Бүгін жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Қалаубек Тұрсынқұловтың туғанына 90 жыл, деп хабарлайды Sanur.kz.

Қаламгер Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Мемлекеттік телерадио компаниясы төрағасының орынбасары сынды жауапты жұмыстар атқарды. Жазушының алғашқы әңгімелер мен повестер жинағы 1969 жылы жарыққа шықты.

Кейін «Арман азабы» пьесасын, «Есіңде ме сол бір кез», «Хал қалай, жолдас хатшы», «Кешіккен хат» повестерін, «Поляр шеңберінің маңында», «Олар оралған жоқ» секілді роман-эсселер жазды.

Қалаубек Тұрсынқұлов аудармашы ретінде де белгілі болды. Ол И.Тургеневтің «Бейбақ», С.Даниловтың «Мангары» повестерін, Л.Н.Толстойдың әңгімелерін және басқа да жазушылардың шығармаларын аударды.

Қаламгер әдебиет саласындағы ерен еңбегі үшін екі мәрте «Құрмет Белгісі» орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *