Skip to content

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕНТАУЛЫҚТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕН ДЕМЕУШІЛЕРГЕ АЛҒЫС АЙТТЫ

     Кентау қаласына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды демеушілердің есебінен 2,5 га аумаққа инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйелері жүргізіліп жатқан құрылыс алаңында болды. Облыс басшысы халыққа қолдау көрсеткен инвесторларға алғысын айтты. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
Тұрғын үй салу үшін жер берілетін аймақтарға алдымен инфрақұрылым тартылуы тиіс. Атап айтқанда, халыққа берілуі тиіс жерлер көпшілікке бөлінбей тұрып, онда электр жарығы, көгілдір отын, су тартылып, жол төселуі қажет.
 
Кентау қаласында үйіргерлік жері қаланың басқа аймағына ауыстырылған қаладағы С.Сейфуллин көшесінде орналасқан учаскілерге демеушілер тарапынан инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары басталды.
 
«SagulovInvest`s» ЖШС басшылығы 2,5 га жерге электр желілері мен 1149 метр газ құбырын жүргізу, 3356 метр ауыз су және кәріз жүйелерінің құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Инвестиция көлемі – 180 млн теңге.
 
Демеушілердің тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстар өңірімізде артып келеді. Бұл үлгі боларлық іс. Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді туған жерге жанашырлықпен қарауға, патриотизм мен әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісін көрсетуге, ел экономикасын дамытуға үлес қосуға шақырғаны белгілі. Жергілікті кәсіпкерлер, облыстан шыққан меценаттар қолдауымен көптеген жобалар жүзеге асуда. Оның ішінде, елді мекендер мен қаланы көркейтуге басымдық берілген. Ауыл-аймақтың ажарын айшықтап, келбетін көркем етуді көздеген азаматтарымызға алғыс айтамын,- деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
 
Облыс басшысы сондай-ақ Кентау қаласындағы «Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасында болды. Мұнда 280 бала тәрбиеленеді. 2011 жылы салынған ғимарат жер асты суының көтерілуінен қабырғасы жарыла бастаған. Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жүргізіліп жатқан бірнеше техникалық сараптама қорытындысы ғимаратты апатты жағдайда деп таныса, мәселенің шешімі арнайы комиссия қарауына тапсырылады. Ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіліп не сүрілетін болады. Орнына жаңасы салынады. Ал, балалар уақытша басқа ғимаратқа көшіріледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *