Skip to content

ДӘРІГЕРЛЕР АУЫР АПАТТАН КЕЙІН ЖҮКТІ ӘЙЕЛДІ ҚҰТҚАРДЫ

              Шымкентте дәрігерлер жол апатынан кейін ауыр жағдайдағы жүкті әйелді құтқарды. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында №1 қалалық клиникалық ауруханаға 1995 жылы туған сжүкті әйел жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Дәрігерлер ауыр жағдайда түскен пациентке шұғыл операция жасады.

Автокөлік апатынан жүкті әйел ұсақ жарақат, миының шайқалуы, кеуде қуысының қысылуы, қабырғалардың сынуы және көптеген сүйектердің сынуы  секілді жарақаттар алды.

Дәрігерлер екі күрделі операция жасады. Операцияның бірінші кезеңінде дәрігерлер жүкті әйелдің жамбас сүйегіне, содан кейін оң жамбас сүйегіне және аяқтың сүйектеріне бекіту құрылғысын хирургиялық жолмен орнатты. Барлық операциялар сәтті өтті және дәрігерлер қауіптің алдын алды. Күрделі операцияны академик Асхат Әбдімёуленов пен №1 қалалық клиникалық аурухананың травматолог-дәрігері Эльдар Смағұлов жүргізді.

Бес күн реанимацияда болған пациент палатаға ауыстырылды. Қазіргі уақытта жүкті әйелдің жағдайы қанағаттанарлық, ол өзін жақсы сезінеді. Барлық функционалдық және қозғалыс дағдылары сақталған. Күрделі операцияға қарамастан, жүктілігі сақталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *